Бұл туралы Сара Амангелді Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде бөлісті.
Танымал әнші әрі актриса Сара Амангелді өнердегі үзілістен кейін үлкен сахнаға қайта оралуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әріптесі Нұржан Керменбаевтың алдағы концертіне дайындық жұмыстарын бастап кеткен. Бұл туралы Сара Амангелді Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде бөлісті.
Әнші жариялаған кадрларда оның Нұржан Керменбаевпен бірге дайындық бөлмесінде ән айтып отырғанын көруге болады. Ол суретке «жуырда…..» деп жұмбақ жазба қалдырған.
Айта кетейік, Сара Амангелді мен Нұржан Керменбаевтың бірлесіп орындаған «Доғар» және «Кешірдім» атты әндері бар.