$ 458.23  535.99  5.46

«Жаным» деп жүргендер жаныңды алған»: Мөлдір Мұқанованың жаңа әні елді жылатты (ВИДЕО)

Ол әнді біреудің қайғысын хайпқа айналдыру мақсатында шығармағанын атап өтті.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Белгілі әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнап «Солған гүл» әнін шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі туындысын қоғамда зорлық-зомбылыққа қатысты ауыр оқиғалар жиілеген тұста жұбаныш ретінде ұсынғанын айтты. Ол әнді біреудің қайғысын хайпқа айналдыру мақсатында шығармағанын атап өтті.

«Менің бұл жазбам – біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба?

Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны - ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды…

Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0