$ 458.23  535.99  5.46

«Өте бай әйел болып, дәретханалар салғым келеді»: Дина Төлепберген арманын айтты (ВИДЕО)

Подкастта Дина Төлепберген болашақта 100 дәретхана салуды мақсат етіп отырғанын жеткізді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген Zamandas подкастында телеарнадан кеткеннен кейінгі өмірі мен болашақ жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасын 13 жыл жүргізген журналист бүгінде әлеуметтік желіде белсенді. Ол қыздардың жыныстық сауаты, жеке гигиенасы мен шекарасы туралы жиі айтады.

Подкастта Дина Төлепберген болашақта 100 дәретхана салуды мақсат етіп отырғанын жеткізді.

«Мен өте бай әйел болып, бассейндер мен дәретханалар салғым келеді. Қазір менің 100 дәретхана салу деген миссиям бар. Жыныстық сауат туралы жиі айтып жүрмін ғой. Өкініштісі, біздің қоғамда жыныстық сауат туралы айтылмайды, оны ұят дейді – бар мәселе осы жерден басталады. Қыздар өзінің етеккірі туралы көп нәрсе білмейді, ал мектепте жігіттер мазақтайды. Дәретханалар да мүлде оған лайықталмаған», – дейді ол.

Оның айтуынша, Жапониядағы дәретханаларды көргеннен кейін Қазақстандағы жағдайға алаңдаған.

«Өкінішке қарай, біздегі дәретханалар өте нашар. Мен Шымкентте оқыған мектепте дәретхана сыртта болатын. Етеккір келген кезде сол жерге барсам небір ауру жұқтырып алатын шығармын деп қорқатын едім», – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0