$ 458.48  534.68  5.43

«Харам тірлікке баруың мүмкін»: Азамат Сатыбалды мәлімдеме жасады

Азамат Сатыбалды осылайша уақытты пайдалы іске жұмсап, үнемі әрекетте болуға шақырды.

Фото: instagram.com/azamatc
Фото: instagram.com/azamatc

Қазақстандық актер Азамат Сатыбалды бос уақытты тиімді өткізу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің сөзінше, адамның мүмкіндігінше бос отырмағаны дұрыс. Себебі бос уақыт түрлі жағымсыз ойларға, өсек айтуға және теріс әрекеттерге итермелеуі мүмкін. (Instagram)

«Бос уақыт болса, жаман ой келеді, өсек айтасың, харам тірлікке баруың мүмкін. Соның бәрін шектеу үшін өзіңді әртүрлі жұмыспен жүктеп отыру керек», – деді актер.

Азамат Сатыбалды осылайша уақытты пайдалы іске жұмсап, үнемі әрекетте болуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0