$ 462.3  538.07  5.41

«Қиналғанын көріп абдырап қалдым»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелінің денсаулығы сыр берді

Мен ауырғанда құдайы қалмай шырылдап, емдеп алушы еді.

Фото: malim.kz
Фото: malim.kz

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жұбайының сырқаттанып қалғанын айтып, оған алаңдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің сөзінше, ерлі-зайыптының екеуі де тамақтан уланып, Өскеменге бірге ұшып бара жатқан. Әнші бұған дейін өзі ауырғанда жарының жанынан табылып, барынша қамқор болғанын атап өтті.

«Мен ауырғанда құдайы қалмай шырылдап, емдеп алушы еді. Енді екеуіміз де “отравление” болып алып, тып-тыныш Өскеменге ұшып бара жатырмыз. Алтыным сол, мен ауыра берейін. Сен ауырмашы. Сенің қиналғаныңды көріп, не істерімді білмей, абдырап қалып жатырмын. Сен тек күліп, жадырап, жайнап жүрші. Сенің күліп жүргенің – мен үшін мереке», – деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Әнші жұбайының тезірек сауығып кетуін тілеп, оның амандығы өзі үшін маңызды екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0