$ 464.77  541.36  5.41

«60 жаста деп кім айтады?»: Жұбаныш Жексенұлының жаңа видеосы желіні шулатты

Желіде жарияланған кадрларда әнші классикалық үлгідегі костюм киіп, камера алдында бой көрсеткен.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазақстандық танымал әнші Жұбаныш Жексенұлының әлеуметтік желіде тараған видеосы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары өнер иесінің жас көрінетініне таңданысын білдіріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде жарияланған кадрларда әнші классикалық үлгідегі костюм киіп, камера алдында бой көрсеткен. Видеоға пікір қалдырған оқырмандар әсіресе Жұбаныш Жексенұлының сырт келбетіне назар аударған.

«60 жаста деп кім айтады?», «Жас жігіт сияқты», «Өте жарасымды», «Жыл өткен сайын жасарып бара жатқандай», «Жұбаныш ағаға жасын беру керек» деген сарындағы пікірлер жазылған.

Айта кетейік, Жұбаныш Жексенұлы – қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі. Ол «Өкінбе сен», «Нұрикамал», «Жолдар» секілді әндерімен көпшілікке кеңінен танылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0