Өз кезегінде Заттыбек Көпбосынов Роза Рымбаеваға жылы пікірі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі әріптесі, әнші Заттыбек Көпбосыновтың шығармашылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші Заттыбектің қазақы дәстүр мен заманауи эстраданы сабақтастырып, ұлттық нақыштағы әндерді көпшілікке насихаттап жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, өнер иесінің орындау мәнерінен халықтық сипат пен дәстүрлі музыканың үні анық байқалады.
«Қазақтың дәстүрін алып келе жатырсыз. Сізден кейін той әндері кеңінен тарады. Заттыбектің шығармашылығында қазақы музыка, қазақы тойдың бояуы бар. Орындауыңызда дәстүр мен халыққа жақындық сезіледі. Қазақы бояуды жоғалтпай әндер жасадыңыз», – деді Роза Рымбаева.
Сонымен қатар халық әртісі әншінің композицияларындағы ұлттық элементтер мен музыкалық өңдеуге тоқталып, қазақы болмысты сақтап жүрген өнер иелерінің еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Өз кезегінде Заттыбек Көпбосынов Роза Рымбаеваға жылы пікірі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.