$ 464.77  541.36  5.41

«Раймдай жар жолықса, бақтарыңыз еселенеді»: Ерке Есмахан күйеуімен мақтанды

"Қыз қанша жерден мықты, ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарына күйеуімен мақтанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі Райымдай күйеуге тұрмысқа шығуға кеңес берген. 

"3 баланың анасы, жар, әнші, өмірдің азды-көпті сынақтарын көрген қазақтың қызы ретінде айтарым: 4 қызыңызға Раймдай жар, өзіңізге Раймдай күйеу бала жолықса, бақыттарыңыз еселенеді. Бұл — мақтағаным емес, барымды бағалап, мақтанғаным. Аллаға сансыз шүкір!  Қыз қанша жерден мықты, ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер. Бұл — өмірдің шындығы. Ниетіңізді Алла қабыл етсін! Бармақтай бақ берсін, бақытты болсын қыздарыңыз. Қыз баланың тағдыры мені алаңдататынын “Дауыс” альбомымнан да байқаған шығарсыздар. Жақсы сөз, жақсы ниет бәрін жеңеді", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0