$ 464.77  541.36  5.41

«Қызды қашанғы жасырып жүресіз?»: Димаштың кішкентай қызбен видеосы қызу талқыланды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары Димаштың балаға деген жылы қарым-қатынасына сүйсініп, түрлі пікір қалдырды. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің кішкентай қызбен билеген видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әріптесі Расул Усмановтың кішкентай қызы Сафиямен концерт алдында сахна сыртында билеген. Әсерлі сәтті Расул Усманов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Концерттің алдында Сафия Димаш ағасымен», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Димаштың балаға деген жылы қарым-қатынасына сүйсініп, түрлі пікір қалдырды.

«Сенде бір күні өз қызыңды осылай құшақтап, сүйіп жүр», «Тамаша», «Барлығы Сафияның орнында болғысы келеді», «Димаш балажан», «Қандай кереметсің, балажан Димаш», «Қызды қашанғы жасырып жүресіз?», «Қыз ары-бері тыпыршып жүр», «Сафия ұялып қалды», «Ең күшті видео», – деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0