$ 458.45  531.39  5.29

«Еш әбестік көрмеймін»: Мақпал Исабекова Қанатпен қарым - қатынасы жайлы айтты

Өнер иесі Қанатпен тек дос екенін айтып, әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Белгілі әнші Мақпал Исабекова әзілкеш Қанатпен арақатынасы туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Қанатпен тек дос екенін айтып, әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Желілерді “Қанат аузыңа Райм түкіріп кетті ме” деген видео шулатып жүр. Соны маған көбіңіз жіберіп жатсыздар. Қанатпен біз осы жобада бірінші рет таныстық. Өте жақсы жігіт. Бірақ неге олай жаман ойлағандарыңызды білмеймін. Сондай жағдай болған күннің өзінде онда тұрған не бар? Одан еш әбестік көрмеймін. Біз доспыз», – деді Мақпал Исабекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0