Ал бұл жолы келісім беруіне фильмдегі ерекше бір адамның болуы себеп болған.
Танымал әнші Мадина Сәдуақасова алғаш рет киноға түсіп, өзін жаңа қырынан танытты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі «14 күн» фильмінде бой көрсеткен. Әншінің айтуынша, бұған дейін оған киноға түсу туралы ұсыныстар болғанымен, мұндай жобаларға қатыспаған. Ал бұл жолы келісім беруіне фильмдегі ерекше бір адамның болуы себеп болған.
«Мен киноға мүлдем түспеймін! Бұл жолы менде үлкен дебют болды. «14 күн» фильміне түскен себебім – ол жерде бір жан бар… Сол үшін ғана», – деп жазды әнші.
Мадина Сәдуақасова фильмде ойдан шығарылған кейіпкерді емес, өзін сомдағанын да айтты.
Кинодағы алғашқы тәжірибесі көңілінен шыққан әнші әлеуметтік желіде фильмнен үзінділер жариялап, өзін белгілеп жатқан көрермендерге алғысын білдірді.