15.09.2026, 16:40

Прокурор актер Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға соттауды сұрады

Фото: Видеодан алынған кадр

Журналист Руслан Өтепбайдың мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы актерді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелі туралы жағымсыз ақпарат таратып, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп айыпталған актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысында прокурор жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Журналист Руслан Өтепбайдың мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы актерді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сот барысында Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбалар мен айтылған сөздер қаралып жатыр.

Айыптау тарапы актердің әрекеті бұрынғы жұбайының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп есептейді.

Ал Нұрсұлтан Жақсыген өз атынан фейк парақша ашылғанын айтып, тағылған айыпты жоққа шығарды.

Әзірге сот үкімі шыққан жоқ.