Әнші Жазира Байырбекова өзгелердің шаңырағын шайқалтқан әйелдерді әшкерелейтін арнайы Instagram парақша ашуды ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, мұндай әрекеттер көпбалалы отбасылардың ажырасуына себеп болып жатыр.
Парақшасына кішкентай қыздың суретін жүктеген әнші: «4 баласы бар еркекті жолдан тайдырып, отбасын бұзып жатқан әйелдің жүзін халыққа көрсетсек қалай болады?» – деп жазып, жазбаны бір сағаттан соң өшіретінін айтқан.