Жаңа әлемдік тур қазан айында басталады.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа әлемдік турына қызу дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа фотосуреттерін жариялап, жанкүйерлерімен алдағы кездесуді асыға күтетінін жеткізді. «Турға дайындық қызу жүріп жатыр. Сіздермен кездесуді асыға күтемін, қымбаттыларым!» – деп жазды Димаш. Бұған дейін әнші Қарағандыдағы концертінен кейін жаңа әлемдік тур басталғанға дейін сахналық үзіліс алатынын хабарлаған еді. Ол бұл уақытты ауқымды концерттік бағдарламаға дайындыққа арнамақ. Жаңа әлемдік тур қазан айында басталады. Димаш әлеуметтік желіде жаңа фотосессиясынан кадрлар да жариялады. Әншінің жаңа образы шетелдік жанкүйерлерінің назарын аударып, олар алдағы концерттерді асыға күтетіндерін жазды.