Өнер иесінің жазбасынан екеуінің бірлесіп жаңа ән дайындап жатқаны белгілі болды.
Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан жас әнші жігітпен бірге түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің жазбасынан екеуінің бірлесіп жаңа ән дайындап жатқаны белгілі болды.
Мөлдір Мұқан шығармашылық серіктесімен бірге тағы бір туынды әзірлеп жатқанын айтып, оқырмандарына аз-кем интрига қалдырды.
«Біздің шығармашылық одағымыз тағы бір дүние жасап шығарып жатыр… Кейбір адамдар әнді шабыт келгенде жазады. Ал бізге шабыттың өзі пропискаға тұрып алған сияқты. Бізден жақында тағы бір жаңа дүние… Әзірге кішкене интрига қалсын», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иелеріне жылы тілектерін білдіріп, жаңа әндерінің хит болуын тілеген.