Қайрат Нұртастың анасы келінінің сыйлығына ерекше қуанғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында алғысын білдірді.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова енесі, продюсер Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасады деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актриса енесіне соңғы үлгідегі iPhone телефонын сыйға тартты. Қайрат Нұртастың анасы келінінің сыйлығына ерекше қуанғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында алғысын білдірді.
«Доча 01 деп келін болып түскенде кличкасы етіп атаушы едік, папасы екеуіміз. Қызымыздай болса деп армандаған біздің үйдің Жұлдызы. Қандай сыйлық берсе де көзімнің нұрындай сақтаушы едім, ал мына сыйлығы ойымнан әбден шықты, енді қолымнан түспейтін болады. 19 айфон шыққанша, оны да өзі туырлап қоятынына сенімдімін, бұйыртса!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Продюсер жазбасында Жұлдызды келін болып түскен кезден бастап «Доча 01» деп еркелетіп атайтынын да атап өтті. Оның сөзінше, келінін өз қызындай көруді армандаған.
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас төрт баланы тәрбиелеп отыр.