Кадрларда Елизаттың сахнада бишілермен бірге өнер көрсетіп, биші ер жігітке сахналық образда аяқ көтеріп, теуіп жатқанын көруге болады.
KeshYou тобының экс-әншісі Елизат Берікова әлеуметтік желіде сахнадағы биі үшін сынға қалды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде әншінің концерт кезінде билеп тұрған сәтінен видео тарады. Кадрларда Елизаттың сахнада бишілермен бірге өнер көрсетіп, биші ер жігітке сахналық образда аяқ көтеріп, теуіп жатқанын көруге болады.
Алайда оның би қимылдары желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Кейбір оқырмандар әншінің образын және сахнадағы қимылдарын сынаған.
«Джейло деген сайын қатты кетті», «Еркекке де, әйелге де аяқ көтермеген», «Кринж», – деп жазды желі қолданушылары.
Сонымен қатар пікір білдірушілер арасында әншіні қолдап, сахналық биден әбестік көрмейтіндер де бар.