$ 446.56  512.34  5.3

«Қайдағы медицина?»: Мақпал Исабекова «SuperStar» жобасының қатысушысын жылатты (ВИДЕО)

Желі қолданушылары жас қатысушыға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазды. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Мақпал Исабекова «SuperStar» жобасының қатысушысы Ернарға қолдау білдіріп, оның өнердегі жолын таңдағанына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

11-сыныпта оқитын Ернар бағдарламада орындаған әнін әкесіне арнаған. Жас әншінің айтуынша, әкесі оның өнер саласына кетуіне қарсы болып, медицина бағытын таңдағанын қалайды.

Алайда Мақпал Исабекова Ернардың бойындағы өнерге деген қабілетін атап өтіп, оның әкесіне үндеу жасады.

«Қайдағы медицина? Қайдағы? Ернардың папасы, сіздің басқа салаға жіберуге ешқандай қақыңыз жоқ. Бойында барлығы бар. Сымбатты, сабырлы, сөзім жоқ», – деді әнші.

Әншінің бұл сөзінен кейін Ернар көз жасына ерік берді. Жобаның жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы да әсерленіп, көзіне жас алды.

Желі қолданушылары жас қатысушыға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0