21.09.2026, 12:00

«Ешкім күтпеген дуэт»: Мақпал Жүнісова жас әншімен сахнаға шығып, көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar лақап атымен танымал әнші Тұрар Ыдырыс бір сахнада өнер көрсетіп, тыңдармандарын ерекше дуэтпен таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иелерінің сахнадағы ерекше биі мен әсерлі әні таспаланған бейнежазбаны әлеуметтік желіге әнші Нұрлыбек Нағметов жүктеді.

«Меніңше, бұл тыңдармандар үшін күтпеген дуэт болды», – деп жазды ол.

Қос буын өкілдерінің шығармашылық үйлесімі желі қолданушыларының зор ықыласына бөленіп, оқырмандар: «Мақпал апамыздың энергиясына тіл-көз тимесін», «Мақпал апайға бәрі жарасады, нағыз Халық әртісі», «Өте қарапайым әрі мықты жан», «Керемет, өте мықты дуэт болды, көйлегіңіздің әдемісін-ай» деген секілді жылы лебіздерін жарыса қалдырды.