21.09.2026, 13:00

«Жұрт тағы қосып жүрмесін»: Аша Матайдың күйеуі ел арасындағы қауесетке жауап берді

Фото: Алматы тв

Кейін Арман Қоңыр аталған жерден сурет жариялап, жазбасына тағы да әзіл қосты. 

Әлеуметтік желіде Аша Матайдың күйеуі, әнші Арман Қоңырдың Қытайда өзге қызбен бірге жүргені туралы ақпарат тараған еді. Желіде қызу талқыға түскен жағдайға әншінің өзі жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Арман Қоңыр бұл жағдайды әзілге айналдырып, оқырмандарына үндеу жасады.

«Жайлау» гольф-клубында жүрген әнші:

«Құрметті оқырманым, әсіресе қыздар қауымы, бүгін осы жерден сурет салмаңыздаршы. Әйтпесе, кейбір адамдар бізді жүреді деп қалады. Менің айтарым – осы», – деді.

Кейін Арман Қоңыр аталған жерден сурет жариялап, жазбасына тағы да әзіл қосты.

«Бүгін бұл жерден Instagram-ға фото салмаймыз. Жұрт тағы қосып жүрмесін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырды. Кейбір оқырман жағдайға әзілмен қарап, Арман Қоңырға жылы тілектерін білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Арман Қоңырдың әлеуметтік желіге жариялаған суреттері көпшіліктің назарын аударған еді. Кадрларда әнші өзге жас қызбен бірге жүргендей көрінген. Осыдан кейін желіде түрлі болжам тарап, сурет қызу талқыға түскен болатын.