"Мен біреуге аққу, енді біреуге қарға болып көрінуім мүмкін".
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірлік ұстанымы мен жақындарына деген жауапкершілігі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі өзін іштей жауынгер сезінетінін жеткізді.
«Мен біреуге аққу, енді біреуге қарға болып көрінуім мүмкін. Ол маңызды емес. Көпшілік менің маңдайымнан бақ, басымнан тәж көргенімен, өзімді іштей жауынгер сезінемін.
Менің ұстанымымда отбасым, балаларым, жақындарым, командам менің қамқорлығымда болғаны үшін жауаптымын. Иә, талабым қатал. Бірақ айналамдағы адамдарды ешкімге ренжіткізе алмаймын.
Жақын деп тапқан қарым-қатынасымды құпия, жария ұстау да өз еркімде деп білемін. Ал егер арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін», – деп жазды ол.
Актрисаның бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Бірі «Сізге біреу тиісті ме?» деп сұраса, енді бірі «Сіз шынында да жауынгерсіз, мықты әйелсіз», «Балаларыңыз – сіздің ең үлкен байлығыңыз» деп қолдау білдірген.