$ 448.44  514.81  5.33

«Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті»: Қайрат Нұртастың анасы әсерлі видеоға елжіреп қалды (ВИДЕО)

Продюсер видеоны көріп, өткен жылдарын еске алғанын айтып, әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, әнші Қайрат Нұртастың өнердегі еңбек жолын көрсететін ерекше видео жариялады. Жасанды интеллект көмегімен әзірленген роликте әншінің шығармашылық жолы мен жылдар бойы жеткен жетістіктері қамтылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Продюсер видеоны көріп, өткен жылдарын еске алғанын айтып, әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Бүкіл өмірімді көз алдымнан өткізгендей керемет естелік жасағаның үшін, алғысым шексіз! Жасай бер! Алла еселеп бақ берсін!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер ұлының өнердегі жолы бірден қалыптаспағанын да атап өтті. Оның сөзінше, Қайрат Нұртас осы деңгейге жету үшін талай жыл еңбек еткен.

«Барлығы осылай басталған. Инемен құдық қазғандай... Міне, 20 жыл өтті», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да видеоны жылы қабылдап, Қайрат Нұртастың жетістіктерінде анасы Гүлзира Айдарбекованың еңбегі зор екенін атап өтті. Көпшілік продюсердің ұлының өнер жолындағы еңбегін жоғары бағалап, жазбаға жылы пікірлер қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0