03.10.2026, 03:30

«Мың алғыс»: Жазира Байырбекова ұстаздарға жүрекжарды тілегін айтты (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Желі қолданушылары әншінің құттықтауына жылы пікір білдіріп, ұстаздардың еңбегін бағалап, оларды ұлықтау қажет екенін атап өтті. 

Танымал әнші Жазира Байырбекова ұстаздарды кәсіби мерекесімен ерекше видеомен құттықтады. Өнер иесі құттықтауын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші қызы білім алып жүрген Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның ұстаздарына да ерекше алғысын білдірді.

«Барша ұстаздарды Ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Даратайым білім алып жүрген №159 мектептегі Ы.Алтынсарин гимназиясының барша ұстаздарына ерекше алғысымды білдіремін. Балаға білім беріп қана қоймай, оның тәрбиесі мен болашағына жол көрсетіп, жүрегіне ізгілік пен адамгершілік ұғымдарын сіңіріп жүрген еңбектеріңіз үшін мың алғыс!

Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі сіздерге қуаныш сыйласын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін!

Ұстаз деген ұлы есім әрдайым биікте болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!» – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің құттықтауына жылы пікір білдіріп, ұстаздардың еңбегін бағалап, оларды ұлықтау қажет екенін атап өтті.