02.10.2026, 17:20

Шакираның Бішкектегі концертіне қазақстандықтар ең көп билет сатып алып жатыр

Фото: instagram.com/shakira

Сатылымның алғашқы күнінде 22 елдің тұрғындары билетке онлайн қол жеткізді.  

Шетелдік сатып алушылар тізімінде қазақстандықтар көш бастап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлемге танымал әншінің концертіне сатылымның алғашқы күнінде 13 мыңнан астам билет сатылды.

Сатылымның негізгі бөлігі Қырғызстанға (77,32%) тиесілі. Билеттердің тағы 22,68%-ын басқа елдердің тыңдармандары сатып алды.

Шетелдік сатып алушылар арасында Қазақстан алдыңғы орында. Қазақстан 80,01% билет алса, Ресей – 13,08%, Өзбекстан 3,8% және қалған 18 ел 3,1%-ын сатып алған.

Жалпы сатылым көлеміндегі Қазақстанның үлесі – 18,15%, Ресейдікі – 2,97%, Өзбекстандыкі 0,86% болды.

Сонымен қатар, билеттерді АҚШ, БАӘ, Тәжікстан, Түркия, Германия, Қытай, Ұлыбритания және басқа да елдердің сатып алушылары алған.