$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

«5 жыл өте шығыпты»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі Розаны жылатты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі, белгілі әнші Роза Әлқожаның 45 жасқа толған туған күнінде оған ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында әпкесіне арнаған әнін орындаған сәтінен видео жариялады. Әнші бұл туындының Роза Әлқожаның 40 жасқа толған туған күнінде алғаш рет орындалғанын айтып, оған деген ыстық ықыласын жеткізді.

«Кеше ішімдегі алғысым мен махаббатымды әпкемді құшақтап тұрып, өзіне айтып алдым. 40 жасқа толған туған күніңде алғаш орындап, өзіңе арнап шығарған әнім еді. Сөзін түгел өмір қылып Бауыржан Әлиқожа жазып берген. Сол ыстық өмірлік сезіммен бұл әнді қалай айтсам да, көзіме жас келе береді. Неге екенін түсініксіз бір күш бар. Жаным әпкем, бес жыл өте шығып, сіздің мәртебелі жаңа жасыңызда құшақтап тұрып осы әнді орындағаныма бақыттымын», – деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

Желі қолданушылары бауырлардың арасындағы ерекше байланысты байқап, жылы пікірлерін білдірді. Көпшілік әншінің әпкесіне деген құрметі мен ақжарма тілегіне сүйсінді.

Айта кетейік, Роза Әлқожа биыл 45 жасқа толды. Әншінің мерейтойына жақындары мен өнердегі әріптестері жиналып, мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0