$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

«Құны 33 млн теңге»: Мөлдір Мұқановаға той үстінде қымбат әшекей сыйлады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал тележурналист Гүлбаршын Зайырова әнші әрі актриса Мөлдір Мұқановаға тосын сый жасап, бағалы әшекей тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Танымал әнші, актриса Мөлдір Мұқанова той үстінде күтпеген сыйлыққа ие болғанын айтып, қуанышын әлеуметтік желіде бөлісті. Өнер иесіне ерекше сый жасаған — белгілі тележурналист Гүлбаршын Зайырова.

Мөлдір Мұқанова мойнына таққан әшекейге назар аударып, оның түпнұсқа Tiffany бұйымы екенін және құны шамамен 33 миллион теңгеге бағаланатынын жеткізді.

«Мәә, қатты қуанып тұрмын. Мен үшін де бүгін тосын сый болды. Мойнымдағы әшекейге назар аударайық. Мүшелден мүшелге аман-есен жете бер, әпке! Қатты қуанып тұрмын. Оригинал Tiffany, құны бір машина», — деді өнер иесі.

Белгілі болғандай, Гүлбаршын Зайырова мүшел жасына толуына орай өзіне тиесілі қымбат дүниесін жақын санаған адамына сыйлауды жөн көрген. Ол бағалы әшекейді Мөлдір Мұқановаға тарту етіп, ерекше ықыласын білдірді.

Жомарт сыйлық Мөлдір Мұқанова үшін күтпеген қуанышқа айналды. Әнші әрі актриса сыйлыққа риза екенін жасырмай, көпшіліктің назарын мойнындағы қымбат әшекейге аударды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0