Танымал актер Олжас Абайдың желідегі жазбасы қызу талқыланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Бір семьяны неге бұзасың?» деген жандарға айтарым. Оу, ағайын! Өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып, мені жерден алып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, «молодец» деп қошемет көрсетіп, енді аяқ астынан біржақты ойлайтын адамның «қызғанышына» сеніп, менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді, адамға деген шынайы қарым-қатынасымды жерге таптамаңдар. Некедегі әйелге ажыраспай жатып көз салатын мен не, басында миы жоқ ессіз, есалаң дейсіңдер ме? «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген бар қазақта. Біреудің фантазиясын басымнан асырып отыра алмайды екенмін. Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. Ол адамның «жан-жағын кінәлап берген» сұхбаты үшін адам алдында да, ар мен заң алдында да жауап беретін кезі болады. 15 жылда 25-тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың миллиондаған қошеметіне бөленіп, Дариғадай мінезді мықты актрисамен серіктес болып жұмыс істеп, жетістікке қол созған мен бұл жерден қателесіп қалмайтын шығармын. Басымды бала күннен тік көтеріп жүремін, ары қарай да жүре беремін. Актер ұлдарыңыз – Олжас Абай», – деген актер ескі жазбасында.
Актердің бұл жазбасы әлеуметтік желіде қайта тарап, көпшіліктің сынына ұшырады.
«Сөзінде тұрмапты ғой», «Кино деп жүріп, кино жасап жіберді», «Барлық әңгіменің шын болғаны ма?», «Өтірік алдап, мынау қалай жүрген?», «Қателеспеймін деп жатыр еді», «Осылай жазбас бұрын ойлану керек. Сөзіңе қарсы шықтың, – деп жазды желі қолданушылары.