Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты жылы лебіздерін білдіріп, марқұмды еске алды.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл кадрлардың қызы Мерейдің шілдеханасында түсірілгенін жазды.
Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты жылы лебіздерін білдіріп, марқұмды еске алды.
«Керемет жылы естеліктер! Сол кездегі құрмет-ай! Ағамыздың жаны жәннатта болсын! Алла қаласа, үйіңізде үлкен той, жақсылықтар бола берсін!»
«Ағамыздың шынайы болмысы осы видеода. Үлкені-кішісі, бастығы-өнер адамы — бәріне бірдей қарап, көңілі көлдей болып, күліп, құшағын ашып қарсы алатын».
«Есімізде осы әдемі дауысы мен жарқын бейнесімен қалды», – деп жазды олар.