$ 448.45 € 501.59 ₽ 5.36

«Ана орны қашанда бөлек»: Ләйлә Сұлтанқызы Сәкен Майғазиевке қолдау білдірді (ВИДЕО)

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әнші Сәкен Майғазиевке анасы Ұлтай Мырзамбекқызының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.

«Сәкен досымның анасынан айырылғанын естіп, жүрегім ауырып отыр… Ана орны қашанда бөлек қой. Қандай сөз айтсақ та, жүректегі ауырлықты жеңілдете алмайтынын білемін.

Алла анаңды рақымына алсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Саған және отбасыңа осы ауыр қайғыны көтеруге күш-қуат, сабыр берсін. Анаңның мейірімі мен берген тәрбиесі сендердің бойларыңда мәңгі жасай берсін», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары да Ұлтай Мырзамбекқызының өмірден өтуіне байланысты Сәкен Майғазиев пен оның отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0