$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

«Арабқұл болмаңдар!»: Төреғали Төреәлінің Меккеден жариялаған видеосы талқыға түсті (ВИДЕО)

Бұл туралы желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жұбайы Толқын Тұрарбекқызымен бірге Меккеде құлшылық жасап жүр. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, жазбасында Сауд Арабиясына деген ерекше ықыласын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

Әншінің айтуынша, Меккеде демалып, қаланы аралап қана қоймай, құлшылық жасауға да мүмкіндік бар.

«Негізі, шетелге түрлі жерлерге баруға болады ғой. Бірақ біздің отбасымызға, мына кісі екеумізге Саудия ұнайды. Неге екенін білмеймін. Бұл жерде демалып, қыдырып та үлгересің, құлшылық жасап та үлгересің. Сондай вайб бар. Біздің тілмен айтқанда, бір оқпен екі қоянды атасың ғой. Бәрі бар, бәрі бар», – деді Төреғали Төреәлі.

Әншінің видеосына желі қолданушылары да пікір қалдырды. Бірі оның сапарына ақ тілегін арнаса, енді бірі өз көзқарасын білдірді.

«Қабыл болсын!», «Арабқұл болмаңдар, бауырлар», «Қабыл болсын! Бізге Мекке мен Мәдина ғана қатты ұнайды», «Өте дұрыс айтасыз. Рақмет. Менің де барғым келеді», «Қабыл болсын, Төреш балам», «Толқын сүйкімді келін», – деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулы 0