Бұл туралы Жанар Байсеміздің сұхбатында айтылды.
Көріпкел Ақгүл Есетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Халықтан көргеніңді айтуға қорқасың. Халық сені өлтіріп тастайды. Мен жақында Алматыда жер сілкінісі болатынын алдын ала айтқан болатынмын. Жер сілкінісі болғаннан кейін адамдар маған: “Сенің кесірің, сенің кінәң”, – деді. Мен барып жер сілкінісін жасағандай қарайды. Маған көрініп тұр, мен оны айтуым керек. Айтпасам, түнде қиналамын. Менің күйеуім түнде қалай қиналатынымды талай көрген.
Менің айтып жүргенім – айсбергтің ұшы ғана. Айтсам, ақтаулықтар көтере алмайды. Олар бізде тау болса ғана жер сілкінісі болады деп ойлайды. Алматыда тағы бір ірі және бір кішігірім жер сілкінісі болады. Оңтүстік Қазақстанға қуаңшылық келе жатыр», – деді көріпкел.