$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

«Түсірілімде жарақат алдым»: Актер Ерболат Әлқожаның құлағы естімей қалды (ВИДЕО)

"Қырғызстанның мен деген мықты дәрігерлері емдеп жатыр".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Актер Ерболат Әлқожа түсірілім кезінде ауыр жарақат алып, бір құлағының есту қабілетінен айырылған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актердің айтуынша, жарақат түсірілім барысында болған. Қазір ол Қырғызстандағы білікті дәрігерлердің ем қабылдап жатыр.

«Мен үшін уайымдап, жылы лебіздерін білдіріп жатқан барлық оқырмандарыма алғысым шексіз. Рахмет сіздерге! Бұл – түсірілімде болған жарақат. Мына құлағым мүлде естімей қалды. Қырғызстанның мен деген мықты дәрігерлері емдеп жатыр. Қырғыз бауырларымызға көп алғыс», – деді Ерболат Әлқожа.

Актердің жағдайына алаңдаған қазақстандықтар оның еміне қаржылай көмек ұсынған. Алайда Ерболат Әлқожа ұсынылған көмектен бас тартты.

Ол көпшіліктің қолдауы мен жанашырлығының өзі көңіліне демеу болғанын жеткізді.

«Мен үшін уайымдағандарыңызды өзі ем болды. Өзімді жақсы сезініп қалдым. Өзіңнің біреуге керек екеніңді сезінгеннің өзі – бақыт», – деп жазды актер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0