01.11.2026, 16:30

«Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты

Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

"Қазаншының еркі бар" – менің жауабым.

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне берілген мемлекеттік атақтар мен марапаттарға қатысты пікір білдірді, деп  хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі 55 жас мерейтойына орай орденге ұсынылғанымен, кейін белгісіз бір адамның шешімімен үміткерлер тізімінен шығарылғанын мәлімдеді.

Әншінің сөзінше, бұл жағдайға бола көңілін түсірмеген. Керісінше, оны марапат тізімінен алып тастаған адамға әлеуметтік желідегі видеосы арқылы жауап беруді жөн көрген.

«Жақында жаңбырдай жауған атақтар туралы маған көп сұрақ келді. "Қазаншының еркі бар" – менің жауабым. "Еңбек сіңірген қайраткер" атағы сол кезеңде "Халық әртісі" атағына жақын еді. Өйткені ол кезде "Халық әртісі" атағын мүлдем алып тастаған болатын. Маған бұл атақ 2014 жылы бұйырды. Шүкір! Жақында 55 жас мерейтойыма орай орденге ұсынылып едім. "Лайықсыз" деп мені бір мықты сызып тастапты. Ештеңе етпейді, иә? Бүгін мен осы видеомен мені сызып тастаған адамға жауап бердім!» – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.