02.11.2026, 01:30

«Түрінен мейірім төгіліп тұр»: Димаш Құдайберген Мадридте қазақстандық арумен көзге түсті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Осылайша, бойжеткен көпшілік алдында ән шырқап, өнерін тағы бір мәрте көрсетті.

Былтыр қараша айында Испанияда өткен Димаш Құдайбергеннің концертінде көрермендер арасынан сахнаға шығып, әншімен бірге өнер көрсеткен Жанел Әлі тағы да көпшілік алдына шықты. Бұл жолы ол Мадрид төрінде ән шырқады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

30 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің «DIMASH» әлемдік туры аясындағы концерті өтті. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Концерт барысында Димаш Құдайберген Жанел Әліге: «Бір қайырма, бір шумақ айтып берші», – деп ұсыныс жасады.

Осылайша, бойжеткен көпшілік алдында ән шырқап, өнерін тағы бір мәрте көрсетті.

Кештің тағы бір ерекше сәтінде Димаш жанкүйерлерімен жақынырақ қауышу үшін қоршауға көтерілді. Әншінің бұл әрекеті залдағы Dears-ке ерекше әсер сыйлады.

Мадридтегі концерт қазақстандық өнерпаздың әлемдік тур аясындағы кезекті музыкалық кеші болды. Желі қолданушылары екі өнер иесінің сахнадағы жарасымды өнеріне тәнті болып, жылы пікірлерін білдірді.