Әнші бұл сәттерді әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жасаған жақсылығы туралы жазды.
Әнші Төреғали Төреәлі Меккеде балаларға қуаныш сыйлап, бүлдіршіндерге тәттілер тарту етті. Өнер иесінің балалармен бірге өткізген жылы сәттері әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін елжіретті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші бұл сәттерді әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жасаған жақсылығы туралы жазды.
«Кейде кішкентай ғана қуаныш сыйлау – үлкен бір бақыт.
Сәуір тауында кездескен балапандарға кішкентай тәтті сыйымызды тарту еткен едік. Бүгін қасиетті жұма күні Әл-Харам мешітінде жұма намазын оқып отырып, сол бір сәттерді қайта еске алдым.
Бала күлкісінен артық шаттық жоқ шығар…
Алла жүрегімізге мейірім, қолымызға береке, жасаған әрбір жақсылығымызға сауап нәсіп етсін!» – деп жазды әнші.