02.11.2026, 10:20

Актер Бекжан Тұрыстың ұлы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Танымал актер Бекжан Тұрыстың әулетінде үлкен қуаныш. Өнер иесінің ұлы Мағжан шаңырақ көтеріп, жақындары мен қонақтарының қатысуымен дүркіретіп той өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақ дастарқан басына жиналған ағайын-туыс жас жұбайларға ақ тілектерін арнап, қуаныштарына ортақтасты.

Қазақы дәстүрге сай ұйымдастырылған салтанатты кеште ерекше «Жар-жар» шырқалып, қонақтар арасында бағалы сыйлықтар сарапқа түсті. Кеш тізгінін ұстаған асабаның айтуынша, арнайы сандыққа тіпті су жаңа автокөліктің кілті де жасырылған болуы мүмкін. Осылайша тойдың қызығы мен думаны қыза түсіп, қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады.