02.11.2026, 14:40

«Өзіме сыйлық жасадым»: Мөлдір Мұқанова 11 миллион теңгелік алқасымен мақтанды (ВИДЕО)

Фото: Видео скриншот

Бриллианттармен безендірілген алқа көпшіліктің назарын аударған. 

Продюсер Мөлдір Мұқанова мойнына таққан гауһар тастармен көмкерілген алқасының құнын жариялады. Оның айтуынша, әшекей бұйымды 11 миллион теңгеге сатып алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бриллианттармен безендірілген алқа көпшіліктің назарын аударған. Мөлдір Мұқанова жаңа әшекейін өзіне жасаған сыйлығы екенін айтып, оны жақында ғана сатып алғанын жеткізді.

«Өз-өзіме сыйлық жасадым. Бұл – менің алғашқы бриллиантым. Өзімнің кольем. Жақында ғана алдым. Жап-жаңа. Бүгін екінші рет тағып тұрмын», – деді Мөлдір Мұқанова алқасы туралы.

Сонымен қатар продюсер банктер алдында берешегі бар екенін де жасырмады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта 8 миллион теңге несиесі бар.

«Мұнша қарызымның барын жасырмаймын. Онда тұрған не бар? Еш уайымдамаңыздар, әр қазақтың басында кредит бар», – деп күлді продюсер.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Мөлдір Мұқановаға жылы лебізін білдіріп, «Жарқырай бер» деп жазса, енді біреулері әзілге айналдырған. Атап айтқанда, «Тұрсынбектің неге алды-артына қарамай қашқаны түсінікті болды» деген пікір қалдырғандар да бар.