05.11.2026, 11:00

«Ата-енең керемет адамдар болса да, бөлек шыққан дұрыс»: Блогер жас отбасыларға үндеу жасады (ВИДЕО)

Блогер Айым Алтынбекова кез келген жас отбасының бөлек шыққысы келетінін айтты. Бұл туралы ол «Айтарым бар» подкастында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Маған «қайын апа» деген сөз ұнамайды. Інімнің келіншегіне «маған құрбы ретінде қарашы» дедім. Қайын апа деген отбасын бұзатын, қорқынышты, келіп уын шашып кететін адам сияқты қалыптасып кетті. Сондықтан ондай болғым келмейді, дос болғым келеді. Үйге жайдан жай келіп кетпеймін. Ондай жағдай басымнан өткеннен кейін әйел ретінде оны қолдағым келеді. Олардың бөлек шығулары үшін барымды салдым. «Олар бөлек шығу керек» дедім. Кез келген ер адамға әке-шешесінің жанында болуы ыңғайлы. Ақшаны көп құрпайды, ет үйде, тамақ үйде. Келінім шыққысы келмей, мен қоймадым. Кез келген жас отбасы бөлек шыққысы келеді, ата-енең супер керемет адам болса да. Әйтеуір бөлек шығарды, екеуі бөлек тұрып жатыр. Қайын апа ретінде менен жамандық көріп отырған жоқ деп ойлаймын», — деді блогер.

Блогер сұхбат барысында күйеуінен сұранатынын, одан өзін бір саты төмен болғанын қалайтынын айтты.

«Мен күйеуімнен сұранамын. Осы подкасттың өзінде де, «мені шақырып жатыр, барсам бола ма» деп сұрадым. Ол еркек қой. Мен керісінше, еркектен сұранып, менің әлемімде еркектің бір саты жоғары тұрғанын қалаймын. Күйеуімнің лох болғанын қаламаймын. Атам әрдайым «еркегіңді хандай көрсең, ханның әйелі боласың. Лохтай көрсең, лохтың әйелі боласың» дейтін. Мен сұранамын, бәрін айтамын. Есік алдына шығатын болсам да, оны айтамын. Ол айтып кету қауіпсіздігің. Аяқ не болатынын, жолда не болатынын білмейді. Сондықтан көп нәрсені ойлауды қою керек сияқты, «міндетті емеспін» деген нәрсені алып тастау керек сияқты», — Айым Алтынбекова.