Қыз тусам атын "Айлун" қоямын деп жүрдім.
Әнші Жеңіс Ысқақова өзінің берген сұхбатында өткен өмірі мен отбасы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі кезінде қатты қызды болғысы келгенін айтты.
"Екі ұлдан кейін қызды болғым келді. Күйеуім аспирантура оқыды. Маған концерт беру керек болды. Екеуміз қарбалас болдық. Үйде жұмыс істейтін бір адам болу керек болды. Қыз тусам атын "Айлун" қоямын деп жүрдім. Үлкен ұлымның аты-Айбатыр. Соған ұқсатып қойғым келді. Солай жүргенде менің жасым өтіп кетті. Менің Аллаберген Жақсыбаев деген досым бар. Бір күні соның келіншегі босанып, қыз туды. Содан маған жақсы ат қойып беруімді өтінді. "Айлун" деп қойдым. Қазір қызым сол досымның үйінде. Одан кейін келін алып, немерелі болып тағы да қызды болып жатырмыз. Әже болған керемет сезім екен", - деді әнші.