"Бәрі әдемі басталды, жақсы басталды".
Актер Олжас Абай журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Дариғамен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтты.
"Бәрі әдемі басталды, жақсы басталды, жүрекпен басталды. Бірінші әрекетпен, жұмыспен басталды. Одан кейін жұмыстың барысы қызығушылыққа ауа бастады. Одан кейін қызығушылық түсіністікке әкеле бастады. Түсіністік бұлдырлаған сезімге әкеле бастады. Сезім жауапкершілікке әкеле бастады. Жауапкершілік шешімге әкелді. Сосын бәрі осындай бір қуанышты күнге әкелді", - деді ол. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. "Ол ақшаны көбірек таба бастады десей", "Екеуі де отбасыларына сатқындық жасады", "Бәрібір құптамаймын", "Ақшадан басталды", "Күлкісінің астында бір сыр бар", "Ертегі айтқандай айтып отыр ғой", "Апама жездем сай", - деп жазды оқырмандар.