Осыдан кейін әлеуметтік желіде Аша Матайдың ескі бейнежазбасы қайта тарап, қызу талқыға түсті.
«Қазақ аруы – 2026» байқауында қатысушыларға саясат пен тарихқа қатысты сауалдар қойып, кейбірін тығырыққа тіреген Аша Матайдың өзі сынның астында қалды. Көрермендер жүргізушінің бойжеткендердің сөзін бөліп, жауап беруге мүмкіндік бермегеніне наразылық білдірген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Осыдан кейін әлеуметтік желіде Аша Матайдың ескі бейнежазбасы қайта тарап, қызу талқыға түсті. Кадрларда тележүргізушінің «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұраққа жауап бере алмағаны байқалады.
«Қазақ хандығы 1465–1466 жылдары құрылды, Аша ханым! Сахнадағы жас қыздарды сонша қинайтындай сіз де тарихты қатырып тұрған жоқсыз», – деп жазды желі қолданушылары.
Желі қолданушылары өзгенің білімін сынамас бұрын, әркім алдымен өз біліміне мән беруі керектігін айтып, жүргізушінің әрекетін сынға алды.