Алайда ауруханаға түсу себебін әзірге жарияламаған.
Қазақстандық танымал кинорежиссер, сценарист, продюсер әрі актер Ақан Сатаев ауруханаға түсті. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Режиссер қазіргі уақытта Атырау қаласындағы кардиология орталығында ем қабылдап жатқанын хабарлады. Алайда ауруханаға түсу себебін әзірге жарияламаған.
«Құрметті достар!
Қазір мен Атырау қаласындағы @atyrau.cardio.center орталығында жатырмын. Себебін кейінірек айтармын. Ең бастысы – жақын арада бұл орталықтан шығып, “Қан мен серт” фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!
Осы орайда, осы тамаша кардиология орталығының барлық дәрігерлеріне, қызметкерлеріне және басшылығына жоғары кәсібиліктеріңіз бен науқастарға деген ерекше қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді!» – деп жазды актер.
Режиссердің жазбасынан кейін желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді. Көпшілік Ақан Сатаевтың аман-есен емделіп, шығармашылық жұмысына оралуын тілеп жатыр.