$ 448.98 € 502.45 ₽ 5.45

«Жылулық жетіспеді»: Дариға Бадықова алғашқы күйеуімен ажырасуы туралы айтты (ВИДЕО)

Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алғашқы күйеуімен ажырасуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.

Актрисаның сөзінше, өнердегі жетістігі мен халықтың ықыласына бөленуі жеке өміріндегі жылулық пен қамқорлықтың орнын толтыра алмайды.

«Мен өнеріммен ғана ерекшемін. Ал өмірде мен де қарапайым адаммын. Менің де жүрегім бар. Мен де көп нәрсені шеше алмаймын, қиындықтар болады. Иә, маған жылулық жетіспеді. Халықтың махаббатына бөлену бір бөлек, ал сенің жеке өмірің бар ғой. Екеуі – екі бөлек махаббат. Мен жылулық, қамқорлық, қорғаныс іздедім. Өзімді қорғап жүруден шаршадым. Бірақ қорғанып жүрсем де, маған оқ тиетінін түсіндім», – деді Дариға Бадықова.

Актрисаның бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, алдағы уақытта бақытты болуын тіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0