$ 448.98 € 502.45 ₽ 5.45

«Махаббат болған жоқ»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен қалай қосылғанын баяндады (ВИДЕО)

"Екі кинодан кейін басталды".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал актриса Дариға Бадықова қазіргі күйеуі Олжас Абаймен алғашқы некесі аяқталмай тұрып көңіл жарастырды деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ел арасында тараған әңгімеге жауап беріп, екеуінің қарым-қатынасы қалай басталғанын баяндады. 

Актрисаның айтуынша, Олжас Абаймен алғаш танысқан кезде олардың арасында махаббат сезімі болмаған. Қарым-қатынастары бірге түскен екі фильмнен кейін ғана басталған. Ол кезде Дариға бұрынғы жұбайынан бөлек кеткенін айтады.

«Біз алғаш кездескенде махаббат деген сияқты ешнәрсе болған жоқ. Көбісі солай қорытты, солай шешті. Ал бізде ондай ешнәрсе болған жоқ. Екі кинодан кейін басталды. Мен ол кезде бөлек кетіп қалған адаммын. Арамыз жақсы болып жүрген кездері Олжастың маған берген сақиналары көп. Міне, үйленемін-ау деп сақина сыйлап қояды. Қайта-қайта ренжісіп қаламыз. Соңғы уақытта «Екі жаққа кетейік, ешнәрсе шықпайды, ырду-дырду болып жүреміз бе?» деп мен кетіп қалдым. Содан шетелге жол жүріп кеттім», – дейді актриса.

Дариға Бадықова Дубайда жүрген кезінде Олжастан хат алғанын да еске алды. Ол актрисаға сағынғанын айтып, елге қашан оралатынын сұраған. Дариға хабарламаға бірден жауап бермей, бірнеше сағаттан кейін ғана қайтқан.

Елге оралған соң Олжас Абай қолына сырға ұстап қарсы алып, оған үйленуге ұсыныс жасаған. Осылайша, екеуі шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0