$ 447.52 € 502.21 ₽ 5.41

Қазақстандық режиссер оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-қа дебют жасады

Фото: Instagram.com/aisultan
Фото: Instagram.com/aisultan

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық LNGSHOT тобының Bananas әніне бейнебаян түсірді. Бұл – оның K-pop бағытындағы алғашқы жұмысы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Режиссер жаңалықты Instagram парақшасында бөлісіп, шығармашылық ұжымға алғысын білдірді.

“K-pop саласындағы алғашқы жұмысым. Оны LNGSHOT тобымен бірге жүзеге асыру мен үшін үлкен мәртебе. Сенімдеріңізге, күш-жігерлеріңізге және шығармашылық үндестік үшін рақмет!” – деп жазды Сейітов.

Бейнебаян топтың YouTube арнасында жарияланды. Видеоның соңындағы титрде Сейітов жалғыз режиссер ретінде көрсетілген. Bananas әні ұжымның 10 қарашада жарық көрген S.W.I.S.H. атты жаңа шағын альбомына енген.

LNGSHOT – Оюль, Рюль, Уджин және Луи есімді төрт жігіттен құралған оңтүстіккореялық топ. Ұжым 2026 жылғы қаңтарда өнер жолын бастап, рэпер әрі продюсер Джей Пак негізін қалаған MORE VISION лейблімен жұмыс істейді. Шығармашылығында хип-хоп, R&B және поп бағыттарын ұштастырады. Топтың атауы ағылшын тіліндегі Long Shot тіркесінен қысқартылған.

Жаңа бейнебаян қазақстандық көрермендердің де назарын аударды. Желі қолданушылары режиссерге қолдау білдіріп, оның халықаралық жобаларға қатысып жүргеніне қуанышты екенін жазған.

“Айсұлтанның келесі қадамын ешқашан болжай алмайсың”, “Клиптің соңында оны Айсұлтан түсіргенін көріп, таңғалдым. Сүйікті тобым енді қазақтарды біледі”, – деп пікір қалдырған көрермендер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0