Әнші жазбасын желідегі парақшасында жариялаған.
Әнші Сәкен Майғазиев Мақсат Базарбайға жазба арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі желідегі парақшасында Мақсатты 50 жасымен құттықтаған.
"Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір біріміздің касымыздан табыла білетініміз бірінші АЛЛАға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын! 50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!", - деп жазды ол.
Оқырмандар да риза болып, тілектерін жаудырды.