$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

«Атам істі болған»: Дариға Бадықова отбасындағы ауыр кезеңді еске алды (ВИДЕО)

Бұл туралы ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.

 

Фото: dariga_badykova
Фото: dariga_badykova

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзінің ата-әжесі туралы сыр шертіп, бала кезінде алған тәрбиесі мен өміріне әсер еткен әжесінің сөзін еске алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.

Актрисаның сөзінше, әжесі жеті баламен жалғыз қалса да, ешкімнен көмек сұрамай, өз еңбегімен күн көрген. Оның осы ұстанымы Дариға Бадықованың санасында сақталып, өмірлік мотивациясына айналған.

«Апам айтатын: “Атаңның басына іс түскенде, жеті баламен қалдым. Жеті баламен қалып, біреуден бір шелек ұн алмағанмын”, – дейтін. Менің миымда осы қалып кеткен. Сен өз еңбегіңмен де осындай нан, дастарқаныңа ақша табуға болады екен ғой деген. Менде сол мотивация болды. Апамның бір ауыз сөзі. Ешкімнен ештеңе сұраған жоқпын. Өзім еңбектендім. Атам істі болып қалған. Бәріне ризамын. Балалық шағымды өте қуанышпен, шапалақ ұрып тұрып еске аламын», – деді актриса.

Дариға Бадықованың айтуынша, әжесінің еңбекқорлығы мен өмірге деген көзқарасы оның қалыптасуына үлкен әсер еткен.

Ал желі қолданушылары актрисаның әңгімесінен кейін оның еңбекқорлығына тәнті болып, пікірлерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0