$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

«Өзіңді қатты сағындым»: Олжас Абай марқұм әкесіне жүрекжарды жазба арнады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары актердің жазбасына пікір білдіріп, оның әкесіне қатты ұқсайтынын атап өтті.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал актер Олжас Абай марқұм әкесін еске алып, оған деген сағынышын жеткізді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер әкесіне арнаған жазбасында соңғы жылдары өмірге деген көзқарасы өзгеріп, көп нәрсені түсінгенін айтты. Сондай-ақ бұрынғы жаман әдеттерінен арылып, өзін тәрбиелеуді және сабыр сақтауды үйренгенін жеткізді.

«Әкешім, өзіңді қатты сағындым…

Қазіргі жетістіктерімді көрсең ғой… Мен үшін қатты қуанар едің. Қазір балаң көп нәрсені түсінді, талай нәрсеге көзқарасы өзгерді. Бұрынғы жаман әдеттерін тастады, өзін тәрбиелеуді, сабыр сақтауды, өмірге басқаша қарауды үйренді. Ендігі мақсаты – алған тәжірибесімен басқалармен бөлісу. Әкешім… бәрі үшін рақмет», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары актердің жазбасына пікір білдіріп, оның әкесіне қатты ұқсайтынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0