15.11.2026, 15:30

«Ұрпағымен мың жасасын»: Бағдат Әшімова марқұм Асанәлі Әшімовтің ұрпақтарын көпшілікке таныстырды

Фото: Видеодан алынған кадр

Жазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары актерді еске алып, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Әлеуметтік желіде актер Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады. Жиында марқұмның жұбайы Бағдат Әшімова актердің ұрпақтарын көпшілікке жеке-жеке таныстырған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ағамыздың жасамаған жасын ұрпақтары жасасын! Қабыл болсын», – делінген видеоның сипаттамасында.

Жазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары актерді еске алып, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. «Жатқан жері жайлы болсын», «Ұрпағымен мың жасасын», «Ниеттері қабыл болсын», – деп жазды олар.