Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен танымал әнші Атамбек Юлдашев кезекті салтанатты жиында кездесіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жиын барысында сахна төріне көтерілген Мақпал Жүнісова әріптесіне ақжарма тілегін арнап, оның қуанышына ортақтасуға арнайы келгенін жеткізді. Өнер иесі шақырту алған сәтте көп ойланбастан, бірден келуге келіскенін де атап өтті.
Әншінің жылы лебізі мен шынайы ықыласы жиылған жұрттың көңілінен шықты. Ал өнер өкілдерінің бір-біріне деген сыйластығы мен той төріндегі жарасымды кездесуі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Танымал өнер иелерінің жүздескен сәті әлеуметтік желіде де жұрттың қызығушылығын тудырды.